
Қалалық әкімдік облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа Абай көшесі, 27 үйдегі жаңа пәтерлерді сатып алды. Пәтер алушылар - көпбалалы отбасылар болғандықтан, арнайы қайта жоспарлау жүргізілді, нәтижесінде аумақ ұлғайып, енді 88-ден 136 шаршы метрге дейін құрайды.
Пәтер алған көпбалалы аналардың бірі Капанова Алима, өз баспанасын алуды көптен армандаған екен: "Пәтер бізге өте ұнайды, кең, екі санитарлық торап бар, өте ыңғайлы, қайта жөндеуді талап етпейді. Енді жалдамалы пәтерлерді аралап жүрудің қажеті жоқ екеніне қуаныштымыз" – деп өзінің сезімін білдірді.
Алдағы уақытта тұрғын үй қорын толықтыру мақсатында Школьная көшесіндегі тұрғын үйге жөндеу жүргізу жоспарлануда.