
16.02.2021ж. тәулікте КВИ-дің 69 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 58 (84%) симптомдық және 11 (16%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) 2 жағдайы тіркелді, оның ішінде Шемонаиха ауданында - 2.
⠀
КВИ-дің жаңа 69 жағдайының ішінде:
- 30 Семей қ. 27с, 3 с/з;
-35 Өскемен қ. 29с, 6 с/з;
- 3 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы-2) 2с, 1 с/з;
- 1 Алтай ауданында (Алтай қаласы - 0) 1с/з;
⠀
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,3%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,4%, Семей қаласында-0,4%- ды құрады.
⠀
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11214адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6361 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
⠀
Жалпы облыс аумағында барлығы 21321 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 14622 жағдай (69%), симптомсыз 6699 жағдай (31%).
⠀
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші–1560,9 (республикалық көрсеткіш– 1090,2) құрады. 2357 байланыста болған адамдар мен 1071 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.