
Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметовтің қатысуымен өткен жиында айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айында Семей қаласының жылумен қамту объектілерін жөндеу бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары жасалды.
Облыстың энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Алмат Ақышовтың айтуынша, сарапшылардың алдын ала қорытындысы бойынша «103-103а қазандықтарын 30 Гкал/сағаттан 2 қазандықты орнатумен, 20 Гкал/сағ қуаты бар «Ғаббасов қазандығын су жылыту қазандығын және 20 Гкал/сағ қуаты бар «Орталық» қазандығын қайта жаңғырту қажет. Сондай-ақ, ұзындығы 3,3 шақырым сол жағалаудан оң жағалауға жылумен қамту желілерін салу, бұл жазғы кезеңде оң жағалаудың орталық бөлігінің ыстық суға қажеттілігін толық жабуы, ал қыста – шамамен 20 Гкал жылу тапшылығын жабуы мүмкін. Көрсетілген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2022-2023 жж. жылыту маусымына қосымша енгізілетін қуат сағатына 120 Гкал құрайды, бұл орын алған тапшылықты жабуға мүмкіндік береді.
– Бүгінгі күні қысқа мерзімді іс-шаралар өткізілгеннен кейін және ЖЭО-1 және РК-1 жұмыс режимі бойынша берілген ұсынымдардан кейін кәсіпорын өз мұқтаждықтары үшін 16 МВт өндіреді. Жүргізілген талдау осы режимді сақтай отырып, кәсіпорын жылына шамамен 700 млн.теңге үнемдейтінін көрсетті, – деп атап өтті Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Алмат Ақышев. – Қазіргі уақытта жергілікті бюджеттен «35 квартал» қазандығын, жылу пункттерін және «103-103А» қазандығын жөндеуге қаражат бөлінді. Конкурстар жарияланды. Сондай-ақ, 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін барлық жөндеулерді аяқтаумен жұмыс жүргізу кестесі жасалды.
Кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов энергетика және ТҮКШ басқармасына, Семей қаласының әкіміне, «Теплокоммунэнерго» МКК және өзінің орынбасары Бақытжан Байахметовке гидравликалық режимді егжей-тегжейлі зерделеу үшін бригада құруды тапсырды. Аймақ басшысы атап өткендей, мәселе жоғары температураның жетіспеушілігінде емес, қысымның төмендеуінде.
– Жөндеу компаниясын жалдаңыздар, 16 наурызда мен сіздерден гидравлика бойынша жөндеу жұмыстарының кестесін күтемін. Сіздер әр үй мен блокты сұрыптауыңыз керек. Біздің міндетіміз – 2023 жылдың жазына қарай 120 Гкал/сағ қуаттылықты қосу, – деп қорытындылады ШҚО әкімі Даниал Ахметов.