Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

14.02.2021ж. тәулікте КВИ-дің  53 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 35 (66%) симптомдық және 18 (34%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. COVID-19 анықталмаған (пневмония) жағдайлары тіркелген жоқ.

КВИ-дің жаңа 53 жағдайының ішінде:

- 19 Семей қ. 17с, 2 с/з;

- 22 Өскемен қ. 15с, 7 с/з;

- 4 Көкпекті ауданында (Көкпекті ауылы-1) 1с, 3 с/з;

- 3 Ұлан ауданында (Қасым Қайсенов кенті - 0) 1с, 2 с/з;

- 2 Глубокое ауданында (Глубокое кенті-0) 2 с/з

- 1 Жарма ауданында (Қалбатау ауылы-0 ) 1 с/з;

- 1 Риддер қ. - 1с,

- 1 Тарбағатай ауданында (Ақсуат ауылы - 0) 1 с/з.

Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,3%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,4%, Семей қаласында-0,4%- ды құрады.

Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11183 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6327 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.

Жалпы облыс аумағында барлығы 21167 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 14503 жағдай (69%), симптомсыз 6664 жағдай (31%).

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1549,7 (республикалық көрсеткіш– 1082,2) құрады. 2426 байланыста болған адамдар мен 1096 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.