ШҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлері қамқорлыққа алынған негізгі орта мектеп-интернат аумағының қарын тазалауға көмектесті

ШҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлері қамқорлыққа алынған негізгі орта мектеп-интернат аумағының қарын тазалауға көмектесті

ШҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлері қамқорлыққа алынған негізгі орта мектеп-интернат аумағының қарын тазалауға көмектесті

Бүгін полицейлер қалың қардан кейін әдеттегі полиция формасын жұмыс киіміне ауыстырып,Өскемен қаласы әкімдігінің қамқорлығындағы «Негізгі орта мектеп-интернаты» КММ-ның ауласын қардан  тазарту жұмыстары бойынша ауқымды сенбілік өткізді.

-«Таңертеннен түске дейін күректермен және арнайы көлік бірліктерімен қаруланған біздің жауынгерлеріміз тығыздалған қардан тазартты. Біз сенбілікке үлкен ықыласпен қатысып, қоғамға пайдамыз тиіп жатқанынан, көптеген жағымды және жылы әсер алдық», - деді ШҚО ПД ЖҚАЖ командирі Айдар Нұрмұхамбетов.

Мектеп директоры Анар Джетыбаева оқушылар мен оқытушылар атынан тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.

- Интернат аумағында көп мөлшерде қар жауғаннан кейін ересек адамдарға да жүру оңай емес, ал балаларға, әрине қалың қарда жүру қиындық тудырады. Енді тәртіп сақшыларының арқасында интернаттың ауласы тазаланып, балалар өздерінің спорт алаңдарында еркін ойнай алады,-деді мектеп директоры.

Мұндай іс-шаралар дәстүрге айналған және тек облыс орталығымен ғана шектелмей, бүкіл облыс аумағығында қар тазалауға көмек көрсетілуде. Полицейлер жұмыстан тыс бос уақыттарында жақсы дәстүрді жалғастырып, жалғыз басты және қарт адамдарға барып, жағдайын сұрасып, көмек көрсетуді жалғастыруда.

ШҚО ПД баспасөз қызметі