
Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай
.
04.02.2021 ж. тәулікте КВИ-дің 64 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 51 (80%) симптомдық және 13 (20%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) 5 жағдайы тіркелді, оның ішінде Өскемен қаласында - 2, Алтай ауданында – 1, Үржар ауданында – 1, Шемонаиха ауданында – 1.
.
КВИ-дің жаңа 64 жағдайының ішінде:
- 29 Семей қ. 19с, 10 с/з;
-24 Өскемен қ. 22с, 2 с/з;
- 4 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қ. - 0) 4с;
- 3 Глубокое ауданында (Глубокое кенті-2) 3с;
- 2 Риддер қ. - 2с;
- 1 Алтай ауданында (Алтай қаласы-0) 1с;
- 1 Катонқарағай ауданында (Үлкен Нарын ауылы-0) 1 с/з.
.
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,3%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,4%, Семей қаласында-0,5%- ды құрады.
.
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11032 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6226 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
.
Жалпы облыс аумағында барлығы 20534 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 14032 жағдай (68%), симптомсыз 6502 жағдай (32%).
.
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші–1503,3 (республикалық көрсеткіш– 1029,3) құрады. 2418 байланыста болған адамдар мен 1026 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.