Бұқтырма су қоймасы» арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды

Бұқтырма су қоймасы» арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап «Бұқтырма су қоймасы» арқылы өтетін көпір құрылысының дайындық жұмыстары басталып кетті. Аталған нысан бойынша өткен конкурстың жеңімпазы деп табылған «ОблШығысЖол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының құрылыс жөніндегі орынбасары Айдар Мамиевтың айтуынша, айналма жол салынып, геодезиялық, электр желісін тарту бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ендігі кезекте техникалық жол салынуда. Аталған жұмыстарға 5 самосвал, 2 бульдозер, 2 грейдер техникалары тартылған. Бұл жұмыстар бір ай көлемінде аяқталады.

Сонымен қатар, жақын арада көпір құрылысына тартылған жұмысшылар үшін 250 орындық жатақханасы бар құрылыс қалашығы бой көтереді.