
ШҚО Күршім және Зайсан аудандарының бірқатар елді мекендерінде кешеден бері аула аумақтарынан және арық жүйесінен су бұру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда үйлерді су басу қаупі жоқ.
Облыс ТЖ департаментінің ақпараты бойынша, Күршім ауданында Шанағатты өзені арнасының қатып қалуы салдарынан мұз пайда болған. Оқиға орнында жедел түрде құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар мен Марқакөл орман шаруашылығы мен табиғи қорық қызметкерлерінің жұмысы ұйымдастырылды. Айта кету керек, тұрғындар да белсенділік танытып, атсалысуда.
Жалпы, Шанағатты ауылында барлығы 28 үй бар, ірі қара мал саны – 136, ұсақ мал - 372, 153 бас жылқы, 134 құс бар.
Қазіргі уақытта сыртқы ауа температурасы 8 градус аяз.
Зайсан ауданындағы Сарытұмсық қонысы аумағында құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен уақытында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бұлақ арнасын мұздан тазартылды. Нәтижесінде 5 үйді су басуына жол берілмеді.
Барлығы 350 метр тазартылды, траншеяның ені 70 см, тереңдігі 1 м. Қазіргі уақытта су басу қаупі жоқ. Жағдай бақылауда.