
Бесқарағай ауданының кәсіпкерлері мемлекеттік бағдарлама аясында кәсібін дамытып отыр
"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында 2020 жылы Бесқарағай ауданында 53 млн. теңге сомасына "Саттаров К." шаруа қожалығына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бойынша "Саттаров" ЖК мал шаруашылығы фермасын дамыту" жобасы іске асырылды. Шаруа қожалығы ірі қара мал басын ет өнімі бағытында дамытып, қазақтың ақ бас тұқымының Республикалық палатасының құрамына енген. Қожалық жыл сайын мемлекет тарапынан субсидия алып, қаржыларын мақсатты түрде шаруа қожалығының дамуына қолданады.
— Мемлекеттік қолдаудың арқасында менің мал шаруашылығы базамда электр беру желісі жүргізілді. Осыдан кейін, біз шаруашылықтың барлық объектілеріне электр энергиясын әкелдік, жануарларды суару процесі электрлендірілді, сондай-ақ шаруашылықты сумен қамтамасыз ету, түнгі жарықтандыру орнатылды. Электрлендірудің арқасында біздің шаруашылықтың алдында жаңа бағыттар мен одан әрі дамудың жаңа мүмкіндіктері ашылды, - деді шаруа қожалығының басшысы Қалихан Саттаров.
"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы өз кәсібін дамытқысы келген шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін ынталандыру болып табылады.
Бесқарағай ауданы бойынша осындай шағын және орта бизнес саны 889, оның ішінде заңды тұлғалар - 75, жеке кәсіпкерлер 353 және 461 шаруа қожалығы.
Айта кету керек, 2020 жылы "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша Бесқарағай ауданында 3 жоба қолдау тапты.