
Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай
.
02.02.2021 ж. тәулікте КВИ-дің 81 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 61 (75%) симптомдық және 20 (25%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) 5 жағдайы тіркелді, оның ішінде Өскемен қаласында – 2, Аягөз ауданында – 2, Алтай ауданында – 1.
.
КВИ-дің жаңа 81 жағдайының ішінде:
- 39 Семей қ. 31с, 8 с/з;
- 30 Өскемен қ. 23с, 7 с/з;
- 4 Глубокое ауданында (Глубокое кенті - 0) 3с, 1 с/з;
- 3 Ұлан ауданында (Қасым Қайсенов кенті - 0) 1с, 2 с/з;
- 2 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қ. - 0) 2с;
- 1 Зайсан ауданында (Зайсан қ. - 1) 1 с/з;
- 1 Катонқарағай ауданында (Үлкен Нарын ауылы - 0) 1 с/з;
- 1 Көкпекті ауданында (Көкпекті ауылы-0) 1с.
.
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,4%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,5%, Семей қаласында-0,5%- ды құрады.
.
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 10998 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6208 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
.
Жалпы облыс аумағында барлығы 20407 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 13933 жағдай (68%), симптомсыз 6474 жағдай (32%).
.
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші–1494,03 (республикалық көрсеткіш– 1017,9) құрады. 2386 байланыста болған адамдар мен 986 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.