
Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай
.
01.02.2021 ж. тәулікте КВИ-дің 86 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 73 (85%) симптомдық және 13 (15%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) жағдайы тіркелмеді.
.
КВИ-дің жаңа 86 жағдайының ішінде:
- 42 Өскемен қаласында 37с, 5 с/з;
- 39 Семей қ. 31с, 8 с/з;
- 3 Алтай ауданында (Алтай қаласы-0) 3с;
- 1 Бесқарағай ауданында (Бесқарағай ауылы - 0) 1с;
- 1 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қ. - 0) 1с.
.
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,4%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,5%, Семей қаласында-0,5%- ды құрады.
.
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 10974 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6195 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
.
Жалпы облыс аумағында барлығы 20326 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 13872 жағдай (68%), симптомсыз 6454 жағдай (32%).
.
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші–1488,1 (республикалық көрсеткіш– 1010,4) құрады. 2198 байланыста болған адамдар мен 964 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.