
Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай
.
31.01.2021 ж. тәулікте КВИ-дің 81 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 60 (74%) симптомдық және 21 (26%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) жағдайы тіркелмеді.
.
КВИ-дің жаңа 81 жағдайының ішінде:
- 36 Семей қ. 31с, 5 с/з;
- 36 Өскемен қ. 22с, 14 с/з;
- 7 Глубокое ауданында (Глубокое кенті-2) 6с, 1 с/з;
- 1 Катонқарағай ауданында (Үлкен Нарын ауылы-0) 1 с/з;
- 1 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қ. - 0) 1с.
.
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,4%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,5%, Семей қаласында-0,5%- ды құрады.
.
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 10955 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6182 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
.
Жалпы облыс аумағында барлығы 20240 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 13799 жағдай (68%), симптомсыз 6441 жағдай (32%).
.
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші–1481,8 (республикалық көрсеткіш– 1004,2) құрады. 2223 байланыста болған адамдар мен 893 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.