Абай ауданындағы «Еңбек» бағдарламасының нәтижесі

Абай ауданындағы «Еңбек» бағдарламасының нәтижесі

Абай ауданындағы «Еңбек» бағдарламасының нәтижесі
Елімізде азаматтардың талабын таудай қылатын, талпынысына қолдау білдіретін мемлекеттік бағдарламалардың күші нығайып келеді.   Әсіресе, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, жұмыссыз адамдарды қолдау мақсатында атқарылып жатқан шаруалар жетерлік. Қаншама тұрғынның өз шаруасын ілгері жылжытуына, өз кәсібін дөңгелетіп әкетуіне мұрындық болуда. 2020 жылы Абай ауданы бойынша 80 адам мемлекеттік қолдауға ие болды.  
Өз кәсібін ашып, жұмысын жандандырған жанның бірі - Абай ауданы, Қарауыл ауылының тұрғыны Арайлым Исатаева. Ол «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінен өтіп, сертификат алып, бағдарлама шеңберінде маникюр салонын ашуға 555 600 теңге қайтарымсыз грант алды. Бүгінгі күні жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп, өз жұмысын жүргізіп жатыр. Ол өз сөзінде:
- «Мемлекет тарапынан бұрын-сонды  ешқандай көмек алмағанмын. «Еңбек» бағдарламасы арқылы қолдаулар бар екенін ақпарат құралдарынан біліп, жұмыспен қамту орталығына келдім. «Бастау Бизнес» жобасымен білімімді жетілдіріп, мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарымсыз грант ұтып алдым. Бағдарлама кәсібімді жетілдіруге үлкен септігін тигізді. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларға ризашылығымды білдіремін»  - деді.
Осындай игі істер көп болып, еліміздің іргесі берік, келешегі кемел болсын!