Алтайға ауыз су тартылды

Алтайға ауыз су тартылды

Алтайға ауыз су тартылды


Алтай ауданында сумен жабдықтау желілерінің жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Феклистовка ауылының тұрғындары 30 жылдан астам уақыт ауыз су мәселесімен тұрып келді. Ауыл тұрғындары өздігінен ағып шығатын бұлақтар мен құдықтардың суын пайдаланды, ал қыс кезінде аптасына 3 рет әр аулаға су жеткізу іске асырылды.
2018 жылы сумен жабдықтау желілерін қайта құруға арналған жобалық- сметалық құжаттама әзірленіп, жоба құны 211,63 млн. теңгені құрады.
Сөйтіп, 2020 жылы ауыл тұрғындарының көптен күткен мәселелері шешілді. Маусым айынан бастап "KazConstruction" ЖШС мердігерлік ұйымы жобаны іске асыруға кірісті.
Табиғаттың қиын жағдайына қарамастан, мердігерлер жұмысты дәл мерзімінде аяқтады.
Тұрғындар енді суды құдықтар мен бұлақтардан тасымайтын болды. Енді ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы және деңгейі едәуір артты, өйткені әр үйге орталықтандырылған су құбыры жүргізілді.
Аудан бойынша 79 темір бетон құдықтары мен ілмекті арматура уақытылы орнатылды, 2 сорғы станция салынды, 1 таза су және 2 өрт сөндіру су қоймасы салынды, 36 электр желісін тарату тірегі қойылды.