
Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай
.
24.01.2021 ж. тәулікте КВИ-дің 31 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 25 (81%) симптомдық және 6 (19%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) жағдайы тіркелмеді.
.
КВИ-дің жаңа 31 жағдайының ішінде:
- 10 Өскемен қ. 10с;
- 6 Семей қ. 5с, 1 с/з;
- 4 Абай ауданында (Қарауыл ауылы - 3) 1с, 3 с/з;
- 3 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қ. - 1) 3с;
- 3 Тарбағатай ауданында (Ақсуат ауылы - 0) 2с,1 с/з;
- 2 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы - 0) 2с;
- 2 Риддер қ. 1с, 1 с/з;
- 1 Глубокое ауданында (Глубокое кенті - 0) 1с
.
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,3%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,3%, Семей қаласында-0,3%- ды құрады.
.
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 10773 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6106 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
.
Жалпы облыс аумағында барлығы 19835 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 13476 жағдай (68%), симптомсыз 6359 жағдай (32%).
.
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші–1452,2 (республикалық көрсеткіш– 952,9) құрады. 1679 байланыста болған адамдар мен 727 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.