
Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай
.
23.01.2021 ж. тәулікте КВИ-дің 42 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 30 (71%) симптомдық және 12 (29%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) 2 жағдайы тіркелді, оның ішінде Өскемен қаласында – 1, Глубокое қаласында-1.
.
КВИ-дің жаңа 42 жағдайының ішінде:
- 19 Өскемен қаласында 16с , 3 с/з;
- 18 Семей қ. 14с,4 с/з;
- 2 Бородулиха ауданында (Бородулиха ауылы - 2) 2 с/з;
- 1 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы - 0) 1 с/з;
- 1 Алтай ауданында (Алтай қаласы-1 ) 1 с/з;
- 1 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қ. - 0) 1 с/з.
.
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,3%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,2%, Семей қаласында-0,3%- ды құрады.
.
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 10755 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6095 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
.
Жалпы облыс аумағында барлығы 19804 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 13451 жағдай (68%), симптомсыз 6353 жағдай (32%).
.
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші–1449,9 (республикалық көрсеткіш– 942,7) құрады. 1716 байланыста болған адамдар мен 739 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.