
Шемонаиха ауданының
Красная Шемонаиха ауылына ауыз су тартылды
Көптеген жылдар бойы Красная Шемонаиха ауылының тұрғындары ауыз су мәселесінің шешілмей келгеніне наразы болды. Әсіресе жаз уақытында көптеген қиыншылықтарға толы еді. 2014 жылы жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ескі су құбыры 90 пайызға тозған. Конкурс рәсімдері жүргізілгеннен кейін 2017 жылы көктемде «Өскемен Құрылыс» ЖШС кәсіорны кірісті. Шарттың жалпы сомасы 260,310 млн. теңгені құрады.
Өкінішке орай аталған кәсіпорын жұмысын толық аяқтаған жоқ. Жаңа су құбырының желілері монтаждалса да, бұл конструкция бойынша су шықпады. Мердігер ұйым 2014 жылы жасалған жобалық сызба бойынша құрылысты аяқтаудан бас тартты. Ал ереже бойынша жобаның мерзімі - үш жыл. Уақыттың өтуіне байланысты жобаны қайтадан қарастырып, осы жылмен салыстырып, қосымша қаражат қарастыру қажет. Бірақ қайтадан есептеу жұмыстары жүргізілмей құрылыс тоқтап қалды. «Өскемен Құрылыс» ЖШС құрылысты жүргізу үшін бөлінген қаражаттың көп бөлігі - 191,852 млн. теңге (73,7 %) игерілді, игерілмегені - 68,458 млн. теңге республикалық бюджетке қайтарылды.
Осылайша жаңа су құбырынының құрылысын аяқтап, қолданысқа беру мүмкіндігі пайда болды. Аудандық бюджеттің есебінен жобаның есептелмеген тұстары анықталып, құрылысты аяқтау үшін қосымша - 91,153 млн. теңге бөлінді. Конкурс рәсімдері өткеннен кейін «ВостокМонтажИнжиниринг» ЖШС мірдігер ұйымымен шартқа қол қойылды.
2020 жылдың соңында құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, бөлінген қаражат толық игерілді. «Шемонаиха су арнасы» ЖШС қызметіне беріліп, қолданысқа енгізілді. Ауыл тұрғындары болса үздіксіз және сапалы ауыз суға қолдары жеткені үшін қуанышты.