Өткен демалыс күні Жарма ауданы әкімі Ахметхали Нұрғожин мен аудандық мәслихат хатшысы Мейірхан Оспанбаев жұмыс сапарымен Сұлусары ауылына барды.

Өткен демалыс күні Жарма ауданы әкімі Ахметхали Нұрғожин мен аудандық мәслихат хатшысы  Мейірхан Оспанбаев жұмыс сапарымен Сұлусары ауылына барды.

Өткен демалыс күні Жарма ауданы әкімі Ахметхали Нұрғожин мен аудандық мәслихат хатшысы Мейірхан Оспанбаев жұмыс сапарымен Сұлусары ауылына барды. Бүгінде өңірдің жер шаруашылығымен айналысатын шаруагерлері үшін жері құнарлы елді мекеннің бірі болып табылатын, географиялық тұрғыдан қолайлы, республикалық тас жолдың бойында орналасқан ауылдың жалпы әлеуетімен танысып, атқарылып жатқан жұмыс барысын назарға алды. Ауылдың жеке кәсіпкерлері көп жылдар қаңырап тұрған мәдениет ошағының орнын тегістеу жұмыстарын өз күшімен аяқтаған. Алдағы уақытта кәсіпкер әлеуметтік әріптестік аясында ескі ғимарат орнына жаңа нысан салып беретін болады. Яғни, бұл орында жергілікті әкімдік, медициналық пункт, полиция инспекторы, клуб ғимараты орналасады деп жоспарлануда. Құрылыс алаңында кәсіпкермен болашақта бой көтеретін нысанның жоспарын пысықтап, бірқатар ұсынысын білдірді. Аталған жұмыс сапары барысында жергілікті медициналық пункт және мектеп ғимараттарында болған аудан әкімімі мен өңірдің мәслихат хатшысы, жылыту маусымын еңсеру барысын назарына алды. Жұмыс қорытындысы барысында округ әкіміне ауа райына байланысты қысқы жол қатынасын ретке келтіріп, ауыл халқының аудан орталығына қатынауына барлық жағдай жасалуы керектігі туралы нақты тапсырмалар жүктелді.