
Үржар ауылының тұрғыны «Бизнес Бастау» жобасы туралы.
2020 жылдан бастап Үржар ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы болып табылады.
2021 жылдың басынан бастап ауданда техникалық, кәсіптік білім беру, «Бизнес Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту басталды. Мемлекеттік гранттар мен кәсіпкерлікті дамыту саласындағы бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 1844 адам жұмыспен қамтылып, 1255 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
...
Осылайша, осы жобаның арқасында Үржар ауылының тұрғыны Бақтыгүл Байдәулетова жұмыспен қамту орталығы арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсына жіберіліп, аспазшы мамандығын алды. Бүгінгі күні жеке кәсіпкер ретінде Бақтыгүл Байдаулетова тамақтандыру орталығын ашып, қосымша тағы бір тұрғынды жұмыспен қамтуда.
...
- Мен өткен жылы жұмыспен қамту орталығына жүгініп, онда үш ай бойы аспаз мамандығын оқыдым. Кейін, 2020 жылдың желтоқсанында мен шағын тамақтандыру орталығын аштым. Енді мен өз кәсібімді одан әрі ілгерілетіп жатырмын, - деді Бақтыгүл Байдәулетова.
...
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру және «2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында облыста 43 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылған. Бұл 20 мектеп, он ауылдық клуб және бір аудандық кітапхана. Үржар ауылында бір футбол алаңы мен спорт мектебі салынды. Алты аула абаттандырылып, оның ішінде үшеуі Мақаншы ауылында абаттандырылған болатын.
.
Нәтижесінде 885 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 415 адам Үржар ауданының жұмыспен қамту орталығына жіберілді. Бағдарламалар көмегімен жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру келесі жылы да жүзеге асырылатын болады.