
Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай
.
15.01.2021 ж. тәулікте КВИ-дің 52 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 39 (75%) симптомдық және 13 (25%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) 11 жағдайы тіркелді, оның ішінде Өскемен қаласында – 2, Глубокое ауданында – 2, Алтай ауданында – 2, Үржар ауданында – 2, Шемонаиха ауданында - 2, Ұлан ауданында-1.
.
КВИ-дің жаңа 52 жағдайының ішінде:
-16 Өскемен қ. 16с;
- 13 Семей қ. 7с, 6 с/з;
- 6 Ұлан ауданында (Қасым Қайсенов кенті - 3) 5с, 1 с/з;
- 4 Глубокое ауданында (Глубокое к. - 1) 4с;
- 4 Курчатов қаласында-4 с/з;
- 2 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы - 0) 2 с/з;
- 2 Бородулиха ауданында (Бородулиха ауылы - 0) 2с;
- 2 Жарма ауданында (Қалбатау ауылы-0) 2с;
- 2 Риддер қ. 2с;
- 1 Көкпекті ауданында (Көкпекті ауылы-0) 1с.
.
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,3%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,1%, Семей қаласында-0,5%- ды құрады.
.
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 10592 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6012 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
.
Жалпы облыс аумағында барлығы 19490 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 13219 жағдай (68%), симптомсыз 6271 жағдай (32%).
.
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші–1426,8 (республикалық көрсеткіш–892,8) құрады. 1523 байланыста болған адамдар мен 724 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.