Бесқарағай ауданында мектепке дейінгі тәрбиеге арналған шағын орталық ашылды

Бесқарағай ауданында мектепке дейінгі тәрбиеге  арналған шағын орталық ашылды

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Бесқарағай ауданында Долон орта мектебінің базасында толық күндік шағын орталық ашылды. Бұл шағын орталықта 1 жастан 5 жасқа дейінгі 15 бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етіледі. Долон ауылының тұрғындары шағын орталықтың ашылуына риза болып, алғыстарын білдірді.


2020 жылы Бесқарағай ауданында Қара-Мырза, Мостик ауылдарында толық күндік шағын орталықтар ашылды, Глуховка ауылындағы "Алтынай" бала бақшасында және Беген ауылындағы "Балапан" бала бақшасында қосымша топ ашылды.