
Жарма ауданында қатты желден қазандық пен мектептің шатырына зиян келді
Бүгін желдің екпіні 32 м/сек жетуі салдарынан Жарма ауданының Шуақ ауылындағы жылу қазандығы мен Қарабұлақ ауылындағы мектептің шатырлары ішінара бұзылды.
Зардап шеккендер жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың құрамындағы комиссия жұмыс істеуде.
Осы ретте аудан тұрғындарын ауа райының күрт бұзылып, желдің қатты соғуына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз! Сондай-ақ, электр қуатының өшуіне дайын болыңыз.
Мүмкіндігінше өз үйлеріңізден және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес береміз.