
19 қаңтарда Православ христиандары «Крещение» мерекесін атап өтеді. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар өңірдегі 23 суға шомылу орнында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін болады.
ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. Хамит Илюбаевиың айтуынша суға шомылу кезінде ҚР Бас мемлекеттік санитарияллық дәрігерінің Қаулысының талаптары мен әлеуметтік қашықтықтың сақталуы қатаң қадағаланатын болады.
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титовтың мәліметінше суға түсетін орындардың жанында жергілікті атқарушы органдар киім шешетін бөлмелер орнатады, суға шомылатын орындар баспалдақтармен, таяныштармен, жарықпен, жылыту шатырларымен, сондай-ақ ыстық шай сататын орындармен жабдықталады. Кезекшілікке құтқарушылардан басқа полицейлер мен жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылады. ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Елдос Чикенов азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қызметтер кезекшілік ететінін атап өтті.
Облыс бойынша барлығы 150-ден астам құтқарушы мен 28 бірлік техника, сондай-ақ 2 жүзу құралы, 45 медицина қызметкері мен 20 бірлік техника, 113 полиция қызметкері мен 25 бірлік техника кезекшілікте болады.
Өскемен қаласының ТЖБ аға офицері Валентин Литвиненко атап өткендей, облыс орталығында суға шомылуға арналған 2 ресми орын – сол жағалаудағы этнографиялық кешеннің жанында және Аблакетка ауданындағы ғибадатхананың жанында жұмыс істейтін болады.
– Біздің қызметкерлер қараусыз қалған балаларды су құдықтарынан шығарып, мұз ойықтарына қауіпсіз кіруді және олардан шығуды қамтамасыз етеді. Ал орнатылған шатырларда қала тұрғындары бой жылытатын болады, - деді Валентин Литвиненко.
Апаттар медицинасы орталығы филиалы басшысының орынбасары Төлеген Иманбаев жүрек, тыныс алу жүйесі және жүйке аурулары бар адамдарға мұзды суға шомылудан аулақ болған жөн деп атап өтті.
Құтқарушылар сондай-ақ, мұзды суға шомылуға барар алдында жылдам шешініп, киінуге ыңғайлы киіммен баруды ескертті. Ал, қарда жалаң аяқ тұрмау үшін жылы кілем, сүлгі және ыстық шай ала баруға болады. Ал, алкогольді ішімдіктерден түбегейлі бас тартқан жөн.