Семей жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері балаға баспана алуға көмектесті

Семей жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері балаға баспана алуға көмектесті

Семей жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері балаға баспана алуға көмектесті

Он сегіз жасар шығысқазақстандық Борис Гусев үшін Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері жаңа жылдық сыйлық жасады.

Семей қаласының ЖМЖС қызметкерлері Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету меморандумы шеңберінде 2013 жылдан бастап, баланың атына ашылған арнайы банктік шотты толтыру арқылы жыл сайын көмек көрсетіп отырған.

Ал, 2020 жылдың желтоқсан айында Борис кәмелеттік жасқа толып, жинақталған қаражаттың арқасында өз үйін сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

– Бұл өте қуанышты оқиға. Біз Боряға көмектесіп, оны қолдап, өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз. Біз Бористі жаңа қонысымен құттықтаймыз және оған денсаулық, бақыт және барлық жақсылықты тілейміз, – деп атап өтті Семей қаласының ЖМЖС-да.