
Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай
10.01.2021 ж. тәулікте КВИ-дің 27 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 20 (74%) симптомдық және 7 (26%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) 4 жағдайы тіркелді, оның ішінде Шемонаиха ауданында-1.
КВИ-дің жаңа 27 жағдайының ішінде:
- 5 Семей қ. 4с,1 с/з;
-4 Өскемен қ. 4с;
- 3 Глубокое ауданында (Глубокое кенті - 0) 2с,1 с/з;
- 3 Алтай ауданында (Алтай қ. - 1) 2с,1 с/з;
- 3 Көкпекті ауданында (Көкпекті ауылы - 1) 1с, 2 с/з;
- 2 В Курчатов 2с;
- 2 Риддер қ. 2с;
- 2 Тарбағатай ауданында (Ақсуат ауылы-1) 1с, 1 с/з;
- 2 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қ. - 1) 2с;
- 1 Бородулиха ауданында (Бородулиха ауылы-0) 1 с/з;
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,1%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,1%, Семей қаласында-0,5%- ды құрады.
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 10446 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 5959 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
Жалпы облыс аумағында барлығы 19321 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 13096 жағдай (68%), симптомсыз 6225 жағдай (32%). 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші–1414,5 (республикалық көрсеткіш–874,6) құрады. 1525 байланыста болған адамдар мен 730 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.