
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басым бағыттардың бірі-шекаралық аудандарды дамыту.
⠀
Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей қолдауының нәтижесінде Күршім ауданын дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіліп, осы жоспарды жүзеге асыру үшін ауқымды қаржылай көмек қарастырылған болатын.
⠀
Осы мерзімнің алғашқы жылында аудан көлемінде 80-нен астам ауқымды жобаны жүзеге асыру жоспары құрылған-ды. Оның ішінде 11 жоба «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша. Бекітілген жоспарға сәйкес, жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан орталығы Күршім ауылында жабық жүзу бассейнінің құрылысы аяқталып, барлық санитарлық талаптардың сақталуымен нысанның ашылу рәсімі өтті.
⠀
Аудан әкімі Дулат Қажанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ақтекенов, ардагер-спортшы Н.Е.Бобылева, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Н.Қайыров құттықтау сөз сөйлеп, салтанатты түрде жаңа нысанның лентасын кесті.
⠀
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған бес жолақты бассейннің ұзындығы 25, ені 8 метр. Жаңа нысанның игілігін халық карантиндік шектеулер аяқталған соң көре бастайды.