
Бұл жобаны іске асыру жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алғысы келетіндердің кезегін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.
⠀
Учаскелерді инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде кварталішілік желілері бар №1 ықшамауданды электрмен жабдықтауға қаражат бөлініп, келісімшарттар жасалды.
⠀
2020 жылы тіректерді монтаждау, өздігінен оқшауланған сымдарды монтаждау аяқталды, трансформаторлық қосалқы станцияға іргетас жартылай (50%) және траншеялар жасалды (50%).
⠀
Учаскелерді сумен, электрмен және кәрізбен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
Жобаларды іске асыру облыстық бюджеттен бөлінетін қаражатқа жоспарланған:
- кварталішілік желілері бар, №1 шағынауданды сумен жабдықтау.
- кварталішілік желілері бар, №1 шағын ауданындағы кәріз желілерін салу.
⠀
Үйлердің құрылысын жоспарлау сумен жабдықтау және су бұру жобалары іске асырылғаннан кейін басталады