Жаңа жыл қарсаңында балалар үшін мереке ұйымдастырып, Қазақстан Республикасының Президенті мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі атынан сыйлықтар тарту ету дәстүрге айналды.
2020 жылғы Жаңа жылдық шыршаларға 9 жастан 13 жасқа дейінгі жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, мүгедектер, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар қатарынан 345 бала қатысты.
Өңірде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ағымдағы жылы жаңа жылдық шыршалар балаларды жаңа жылдық құттықтау форматында сыйлықтар табыстаумен өткізілді. Ағымдағы жылы мерекелеудің тақырыбын «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» деп аталды.
Балаларды Жаңа жылмен ҚР Президентінің атынан облыс әкімі Д.К. Ахметов құттықтады.
«Балалар, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, сіздер жыл бойы конкурстарға, олимпиадаларға, жарыстарға белсенді қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанғандарыңызға өте қуаныштымын. Қазіргі заманда сіздер жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, өзін-өзі жетілдіруге және жетістікке бағытталған тұлға болуларыңыз керек.
Лайықты білім алу үшін, біз сіздерге жақсы жағдай жасауға тырысамыз, – деді Даниал Ахметов өз құттықтауында.
- Менің жас достарым! Жаңа жылда Сіздерге және ата-аналарыңызға бейбітшілік пен жақсылық, денсаулық, сондай-ақ мұғалімдер мен тәлімгерлерге үлкен шыдамдылық пен даналық тілеймін! Өз Отаныңызды қорғаңыз, оны жақсы көріңіз және Қазақстанның патриоты болыңыз!».
Балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар дайындалды, шырша мерекесінің қатысушылары ноутбук пен жаңа жылдық кулек алды.
Балаларға жаңа жылдық сыйлықтарды Аяз Ата мен Ақшақардың дербес жеткізуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен облыс әкімінің атынан сыйлықты салтанатты табыстау 2020 жылғы 24 желтоқсанда қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылды.