ШҚО-да геологиялық барлау жұмыстарын күшейту мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылады

ШҚО-да геологиялық барлау жұмыстарын күшейту мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылады
Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен өткен кеңес барысында айтылды. Топ құрамына салалық ғалымдар, компаниялар мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
Кеңес отырысында өңірдің минералдық-шикізат базасының жай-күйі мен дамуы туралы мәселе талқыланды.
Шығыс Қазақстан өндірістік секторлары дамыған және минералдық-шикізат базасының елеулі әлеуеті бар ірі және бай өңірлердің бірі болып табылады. Облыс аумағында пайдалы қазбалардың барлық түрлері ұсынылған, 39 мыс кен орны, 30 – қорғасын, 34 мырыш кен орны, 122 – алтын, 48 – күміс, 11 – қалайы бар. Шығыс Қазақстанның жер қойнауын пайдалану саласына тартылған инвестиция көлемінің өсуі тұрақты көрсеткішті көрсетіп отыр. Алайда ірі кен орындарының қоры таусылып жатыр. Соңғы онжылдықта Шемонаиха, Юбилейно-Снегирихинское, Зыряновское, Греховское, Николаевское сияқты көптеген кен орындары өңделді.
Облыс әкімі Даниал Ахметов атап өткендей, алдағы жылдары қала құраушы және өңір экономикасына әсер ететін тағы бірнеше ірі кен орындары игерілетін болады.
-Біз соңғы төрт жылда Аягөз ауданында минералдық-шикізат базасын дамытудамыз. Жарма ауданында алтын өндіру саласының жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Минералдық-шикізат базасының сарқылуына байланысты мәселелер байқалады. Өкінішке орай, геологиялық қор өспейді. Сондықтан минералды-шикізат базасын құруға байланысты осы мәселені талқылау біздің ойымызша өте өзекті болып табылады және ол металлургия саласының алдағы он жылға дамуын айқындайды, - деп атап өтті Даниал Ахметов.
Сарапшылар атап өткендей, жинақталған геологиялық материалдардың талдауы өңірде түсті, асыл және сирек металдардың жаңа кен орындарын табу әлі де мүмкін екенін көрсетеді. Мәселен, 2019 жылы министрлік Бельсу, Аргимбай алтын кені учаскелерінің, Чердояк, Өскемен сирек кездесетін металл учаскелерінің және басқа да учаскелердің болжамды ресурстарына баға берген болатын. Орындалған және жоспарланған жұмыстар келесі жұмыстарды жүргізуге жаңа инвестициялар тартуы және нәтижелері бойынша жаңа кен орындарын ашуға септігін тигізуі тиіс.
Осыған байланысты, Шығыс Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын күшейту, қосымша қаржыландыруды тарту мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылады. Оған салалық ғалымдар, компаниялар мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
– Біз қазірдің өзінде ірі кәсіпорындар мен жергілікті халықты жұмыспен қалай қамтамасыз ете алатынымыз туралы ойлануға тиіспіз. Келесі бірнеше ай ішінде жұмыс тобымен бірге осы мәселені пысықтап, облыстағы геологиялық барлауды дамыту бойынша нақты жоспар жасаймыз. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың минералдық-шикізат базаларын толықтыру жөніндегі негізгі міндет жер қойнауын пайдаланушылардың өздерінің қаражаты есебінен шешілуге тиіс. Өз кезегінде министрлік жан – жақты қолдау көрсетуге дайын, - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Министрдің айтуынша, ресурстардың орнын толтыру үшін барлаудың заманауи геофизикалық, геохимиялық және басқа әдістерін қолдану, сондай-ақ инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау қажет.
Тұтастай алғанда, Министрлік мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жер қойнауын геологиялық зерттеудің ерте сатыларын жүргізуге бағытталған геологиялық барлаудың 2021 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірледі. Отырыс барысында жас ұрпақты геология саласына тартудың маңыздылығы атап өтілді. Ол үшін" Қазгеология " компаниясы Шығыс Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.