ШҚО-да автокөлік иелері онлайн қызмет түрін жиі қолдана бастады

ШҚО-да автокөлік иелері онлайн қызмет түрін жиі қолдана бастады
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында  ағымдағы жылы 200 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, биыл көлікті тіркеу бойынша 131 мың қызмет, жүргізуші куәліктері бойынша 62 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар, ШҚО автокөлік иелері мамандандырылған ХҚКО өз бетінше 45 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алды. Оның ішінде 23 мыңға жуық азамат көлік құралын қайта тіркеді, ал 22 мыңнан астамы жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырды. Ал, өткен жылы «Egov.kz» порталы арқылы облыста 1566 автокөлік қайта ресімделіп, 3 мың адам жүргізуші куәлігін алған.