Қымбатты шығысқазақстандықтар!

Қымбатты шығысқазақстандықтар!

Санаулы сәттен соң, біз жаңа 2021 жылға қадам басамыз. Жаңа жыл – баршамыз ізгі ниетпен асыға тосатын, ерекше мереке.

Өтіп бара жатқан жыл облысымыз үшін ауыр сынақтарға толы кезең болды. Бұған дейін ел тарихында болмаған, бүкіл әлемге тараған, коронавирус пандемиясына қарсы өңір тұрғындары бірлікпен күресе білді. Абыроймен еңсеріп келеді.

Бастысы, сыртқы факторлардың ықпалы мен пандемияға байланысты қабылданған шектеу шараларына қарамастан, облыста экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталды.

Бұның барлығы ортақ істің табысты нәтижесі! Осы ретте, өңіріміздің өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен барлық жерлестеріме зор алғыс білдіремін!

Биылғы жыл маңызды әлеуметтік және экономикалық міндеттермен қатар, Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойымен тарихта сақталмақ.

Айтулы мереке хакім Абай дүниеге келген, киелі өңір жұртын қаншалықты қуантса, соншалықты жауапкершілік жүктеді. Жоғары міндетті ел болып абыроймен атқарып шыққанымызға аса қуаныштымын.

Ұлт болып бірігуге, ел болып дамуға жол ашатын Абай мұрасын қастерлеу біздің мәңгілік міндетіміз!

Ардақты ағайын!
Жарқын үміттер мен, асқақ армандарға бастайтын жаңа жыл әр шаңыраққа баянды бақыт, шаттық пен табыс әкелсін! Еліміздің ырыс-несібесі мол болып, татулығы арта берсін!

Қадірменді жерлестер!
Қазақстан келер жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдық белесіне шығады. Бұл мерейлі дата – егемен еліміз үшін жаңа тарихи кезең. Олай болса, ұлы мұраттарға жету жолында еліміздің мерейі үстем, келешегі кемел, мәртебесі асқақтай берсін!

Жаңа жыл құтты болсын, ардақты ағайын!