Абай бол, сыбайлас жемқорлық!

Абай бол, сыбайлас жемқорлық!

Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылы 6 қазанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, бұл заң сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қосымша шараларды енгізуге бағытталған.
Осы шаралардың бірі- сыйлық берушінің пайдасына, іс-әрекеттері үшін сыйлықтар алуға, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасыларына материалдық сыйақылар мен қызмет көрсетуге толықтай тыйым салу. 2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде алынған сыйлық әкімшілік жауапкершілікке, 2 айлық есептік көрсеткіштен жоғары мөлшердегі сыйлық қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.