
ШҚО әкімі Даниал Ахметов "АЗИЯ АВТО" АҚ Бас директоры Ерік Сағымбаевпен кездескені туралы әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады.
«Бұл кәсіпорындағы жағдаймен жақсы таныспын. Зауыттың алдағы тағдырына немқұрайлы емеспіз.
Айта кетейін, компания басшылығымен өткізген бұл алғашқы кездесу емес.
12 сәуірде кәсіпорын автомобильдерді өнеркәсіптік құрастыру туралы қолданыстағы келісімді бұзу туралы хатты алғаннан кейін, мен "АЗИЯ АВТО" АҚ Бас директоры Е.Е. Сағымбаевпен және "АЗИЯ АВТО Қазақстан" АҚ Бас директоры Е. О. Мандиевпен кездесу өткіздім. Кейінірек, ағымдағы жылдың 24 шілдесінде, 6 тамызында және 14 қазанында А.М. Балушкинмен өткен жеке кездесу барысында кәсіпорынның кейінгі қызметіне қатысты мәселелерді талқыладық. Сонымен қатар, менің тапсырмам бойынша, бұл мәселе 12 қазанда бірінші орынбасарым А.Б. Сматлаевпен қаралды.
Көп жылдар бойы "БИПЕК АВТО – АЗИЯ АВТО" компаниялар тобы ҚҚС, кедендік төлемдерді төлеуден босатылып, жарамсыз қалдықтардың орнын толтыру бағытында жан-жақты мемлекеттік қолдауға ие болғанын атап өткен орынды.
Туындаған жағдайдың негізгі себебі ҚР Ииндустрия және инновациялық даму министрлігімен қол қойылған келісім шеңберінде "БИПЕК АВТО - АЗИЯ АВТО" өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындамауы. Ал оның орындалу мерзімі 9 жыл ішінде 2 рет ұзартылған. ҚР ИжИДМ талаптары сотта қаралып, олар бойынша шешім қабылданды.
"БИПЕК АВТО – АЗИЯ АВТО" компаниялар тобында қалыптасқан жағдайды реттеу үшін 2020 жылғы 20 қазанда кәсіпорынның ұсынысы бойынша ҚР ИжИДМ мен ШҚО әкімдігі арасында автомобиль құрастыратын кәсіпорындарының проблемалық мәселелерін шешу бойынша Жол картасына қол қойылды.
Бүгінгі кездесу барысында ел Үкіметінің қарауына бірлесіп ұсынатын бірқатар іс-шаралар легі талқыланды».
Атап өткен жөн, келісімді бұзу, яғни, мемлекеттік преференцияны алып тастау кәсіпорындардың қызметін тоқтатуға әкелмейді. ҚР ИжИДМ айтуынша, кәсіпорындар өз міндеттемелерін орындағаннан кейін, министрлік преференциялар беру мүмкіндігін қайта қарауға дайын.