2020 жылдың 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары Б.К. Байахметовтың «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін» өткізетінін хабарлаймыз.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.
Қабылдауға 71-31-49 және 71-31-50 телефондары бойынша жазылуға болады.