Биыл ШҚО-да «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 812 жоба мәресіне жетпек

Биыл ШҚО-да «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 812 жоба мәресіне жетпек

Биыл ШҚО-да «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 812 жоба мәресіне жетпек

Шығыс Қазақстан әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен жиын барысында «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасының жүзеге асу барысы талқыланып, осы жылғы жоспардың алғашқы нәтижесі шығарылды. Бүгінде облыста жұмыспен қамту жол картасы аясында 479 әлеуметтік маңызды нысан, сонымен қатар 87 шақырым су құбыры желілері, 238 км жол мен көшелер жөнделіп, 79 аула абаттандырудан өтті. Шемонаихадағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Семей қаласындағы онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы, аудандарда екіпәтерлі тұрғын үй құрылыстары аяқталуда.

- Өкінішке орай, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты, жоспарларға түзетулер енгізуге тура келді. Дегенмен, биыл облыста әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталып отыр. Облыс тұрғындарын жұмыспен қамтуға, олардың тиімді экономикасы мен заманға сай инфрақұрылымы бар өңірде өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Барлық жоба жоспарлы мерзімінде межесіне жетуі тиіс, - деп атап өтті аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Жалпы, ағымдағы жылы аталған бағдарлама аясында облыста 21 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. 77,4 млрд.теңгеге 819 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Ай соңына дейін жоспарлы 28 жобада жұмыс аяқталады. Нәтижесінде биыл 812 жоба мәресіне жетеді, қалған жетеуі келер жылға өтеді. Бұл жыл көлемінде жоспарланған жұмыстардың 99,1 пайызы.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі