ШҚО-да экологиялық мәселелерді кешенді шешудің жол картасы таныстырылды

ШҚО-да экологиялық мәселелерді кешенді шешудің жол картасы таныстырылды
ШҚО-да экологиялық мәселелерді кешенді шешудің жол картасы таныстырылды
 
Жол картасына өңірді газдандыру, кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру, ескірген жолаушылар автокөлігін ауыстыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, қалдықтарды сұрыптау және қайталама пайдалану жүйесін енгізу мәселелерін ілгерілету жөніндегі іс-шаралар енгізілген.
ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы Данияр Әлиевтің айтуынша, жол картасы 2020-2024 жылдарға бекітілген.
– Ағымдағы жылдың 16 қазанында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов және экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Шығыс Қазақстанның экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі «Жол картасын» бекітті. Бағдарламаны дайындау барысында коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау пункттерін кеңейту, қалдықтарды орналастырудың өңірлік картасын әзірлеу жөніндегі іс-шаралар ұсынылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік және тарихи ластағыштардың техногендік әсерін тоқтату бойынша жоспарланған шараларға талдау жүргізу ұсынылады. Біз техногенді қалдықтарды сақтау, тұрақты органикалық ластағыштарды және қалдықтарды орналастырудың карталарын жасаймыз. Бұл ұсыныстардың көпшілігі қоғамнан келіп түсті, - деді Данияр Әлиев.
Сондай-ақ, Департаментпен атмосфералық ауа сапасын жақсарту бойынша ғылыми жұмыстар қаралды.
- Көп жағдайда ауаның ластануына ықпал ететін көмірді пайдалануды қайта қарау ұсынылады. Біз бүкіл жеке секторды орталық жылуға қосуға көмектесетін жүйе мен жағдайларды орталықтандыруды және жасауды ұсынамыз. Өйткені онсыз біз мәселені шеше алмаймыз. Картаға облыс университеттерінің бірінің Термококс технологиясын тәжірибелік енгізудің ғылыми ізденістері енгізілген. Тәжірибелі топтың мәліметінше, осы технологияны пайдалану кезінде болашақта ауаға пиролиздік жану шығарындыларын азайта аламыз, - деп атап өтті Данияр Әлиев.
Жол картасы 43 тармақтан тұрады. Алдағы уақытта мемлекеттік органдармен және мүдделі белсенділермен бірлесіп пысықталатын болады.