
ШҚО-да КВИ-мен ауыратын 180-нен астам пациент қан плазмасымен емдеу курсынан өтті
Covid – 19 бар науқастарды емдеу үшін коронавирустық инфекциядан айыққан адамдардың иммундық плазмасын құю әдісі күн сайын жиі қолданылады.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ШҚО-да бүгінгі таңда әртүрлі қан топтарындағы плазманың 3 123 дозасы дайындалды. Инфекциялық стационарлардың дәрігерлері үшін иммундық плазманы пайдалану бойынша семинарлар өткізілді және бүгінгі күні 181 пациентке 352 доза плазма құйылды.
Естеріңізге сала кетейік, иммундық плазманы дұрыс сақтау үшін Өскемен және Семей қалаларында екі қан орталығы үшін 20 мұздатқыш камера сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ, аудандық ауруханаларға қосымша 15 мамандандырылған мұздатқыш пен 19 плазма мұздатқышты сатып алынбақ.