Шығыс Қазақстан Dongfeng Motor компаниясымен жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Шығыс Қазақстан Dongfeng Motor компаниясымен жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қытайдың ең ірі көлік корпорацияларының бірі – Dongfeng Motor Corporation басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді.

Тараптар Шығыс Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру әлеуетін, өнеркәсіп саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Өңір басшысы Шығыс Қазақстан облысы стратегиялық инвесторларды тартуға, заманауи технологияларды енгізуге және жаңа өндірістерді құруға мүдделі екенін атап өтті.
«Ірі халықаралық компаниялармен ынтымақтастық Шығыс Қазақстан облысының экономикасын дамытуға және аймақта жаңа жұмыс орындарын ашуға қосымша мүмкіндіктер береді», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазір Шығыс Қазақстан облысында ірі инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндігі пысықталуда.

(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).