ШҚО спортшылары Азия чемпионатында күміс пен қола медаль жеңіп алды

ШҚО спортшылары Азия чемпионатында күміс пен қола медаль жеңіп алды

17-23 шілде аралығында Таиландта жас ерекшеліктері бойынша су спортынан XII Азия чемпионаты өтіп жатыр. Беделді халықаралық додаға 33 елден 627 спортшы қатысуда.

 Жарыстың алғашқы күндерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді. Олардың арасында Шығыс Қазақстан облысының өкілдері де бар.

Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Мансұр Айтқалиев 4×100 метрлік эстафетада қола медаль жеңіп алса, Анатолий Руденко команда құрамында 4×100 метрлік аралас эстафетада күміс жүлдеге ие болды.

Шығысқазақстандық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын халықаралық жарыстағы табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз!