
Шығыс Қазақстан сүт және ет өндірісі бойынша жетекші орында
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов мал шаруашылығы саласының облыста қарқынды дамып отырғанын тілге тиек етті.
Сүт және ет өндіру көлемі бойынша өңір жетекші орында. Биыл 7 мың бас ірі қара малға арналған 3 бордақылау алаңы пайдалануға берілді, 1600 басқа арналған 8 тауарлы-сүт фермасы салынды және реконструкцияланды, 5 сүт қабылдау пункті іске қосылды.
- Соңғы 5 жыл ішінде салаға салынған инвестициялардың көмегімен халықтан сүт сатып алу, ақшалай есептегенде 17 есеге, өнім ретінде 13 есеге ұлғайды. Бұл бізге сүт өңдеу кәсіпорындарының қуатын 29-дан 87%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді, - деп атап өтті Даниал Ахметов.
Мал шаруашылығы өнімдері көлемінің ұлғаюы, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының қуаттылығын арттыруға түрткі болады. Осылайша «Эмиль» компаниясы өндірісті жылына 32 мың тоннадан 45 мың тоннаға дейін жеткізуге кірісті, ал «Өскемен құс фабрикасы» дайын өнім шығару көлемін жылына 22 мың тоннадан 55 мың тоннаға дейін ұлғайтып отыр.
Сонымен қатар облыста жылдық қуаттылығы 19 мың тонна шикізат өндіретін 2 ет өңдеу кәсіпорнының құрылысы бойынша 9 млрд. теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асырылуда.