ШҚО-дағы екі ауыл Қазақстанның үздік туристік ауылдарының бестігіне енді

ШҚО-дағы екі ауыл Қазақстанның үздік туристік ауылдарының бестігіне енді

Қазақстанның 2026 жылғы үздік бес туристік ауылы анықталды. Жыл сайын өтетін «Үздік туристік ауыл» байқауының жеңімпаздарын «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы жариялады. Жеңімпаздар қатарында Шығыс Қазақстан облысына қарасты Катонқарағай ауданындағы Берел және Коробиха ауылдары бар.

Сондай-ақ үздік туристік ауылдар тізіміне Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Басши ауылы, Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Торайғыр ауылы және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Имантау ауылы енді.