Катонқарағай ауданындағы мектеп Google Reference School мәртебесін алды

Катонқарағай ауданындағы мектеп Google Reference School мәртебесін алды

Үріл ауылындағы орта білім беру мекемесі Google Reference School атағына ие болды. Бұл мектеп осындай мәртебеге ие болған Орталық Азиядағы алғашқы оқу орны атанды.

- Бұл мәртебе білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды енгізгені үшін берілді. Google For Education мектепке 90 заманауи ноутбук сыйға тартты. Енді оқушылар мен мұғалімдерде Google-дың заманауи, озық құралдары бар. Ауыл мектеп оқушыларына жасанды интеллект, бұлттық технологиялар және интерактивті платформалар күнделікті қолданылатын жаңа әлемге жол ашылды, - деп түсіндірді Катонқарағай ауданы әкімдігінде.

Онда қазіргі уақытта оқушылар Google-дың NotebookLM, Canva және басқа да цифрлық құралдарымен жұмыс істеп жатқаны қосылды.