ШҚО-да полицейлер мен құтқарушылар тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндірді

ШҚО-да полицейлер мен құтқарушылар тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндірді

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері ТЖД өкілдерімен бірлесіп, балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған аулаларды профилактикалық аралау жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға негізгі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді: кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау, терезелерге қолжетімділікті шектеу, арнайы қорғаныш бекіткіштер мен ілмектер орнату. Профилактикалық жұмыстар аясында 40-тан астам аула қамтылып, тұрғындармен түсіндіру әңгімелері жүргізілді. Балалардың тұрмыстағы қауіпсіздігін сақтау бойынша 100-ден астам ақпараттық жадынама таратылды, - деп хабарлады ШҚО ПД өкілдері.

Полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында барынша мұқият болып, қарапайым қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Сурет: ШҚО ПД