
Жазғы демалыстың басталуымен мектеп жанындағы лагерьлер өз жұмысын бастады. Мұнда балалар педагогтер мен құтқарушылар ұйымдастырған арнайы шеберлік сабақтарында қауіпсіздік ережелерін үйренуде.
Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері хабарлады.
– Балалар абиғат аясында қауіпсіз жүріп-тұрудың практикалық дағдыларын меңгеруде: отты дұрыс жағу, өзеннен қауіпсіз өту, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін үйренді. Сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылды. Балалар су айдындарының маңында қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдарын, сақтық шараларын сақтаудың маңызын және төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін білді, – деп хабарлады ШҚО ТЖД-да.
Сабақ барысында алған қауіпсіздік туралы ақпарат балалардың жазғы демалысын оқыс оқиғаларсыз әрі қауіпсіз өткізуіне септігін тигізеді.
Сурет: ШҚО ТЖД