ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірдегі эпидемиологиялық жағдай мен оны тұрақтандыру бағытында қабылданған шаралар туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа баяндады. Бұл туралы аймақ басшысы өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялады. «Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді, оның ішінде инфекциялық стационарлардағы реанимация бөлімшелерін жабдықтауға ерекше назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, КВИ емдеу хаттамасына сәйкес медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектердің қажетті қорын, сонымен қатар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуді нықтады.

ШҚО-да медициналық құралдармен толық жабдықталған 6200 төсек-орын дайын. Қазіргі уақытта 3700-ден астамы іске қосылды. Инфекциялық бөлімшелер 100% оттегімен қамтамасыз етілген. Президент тапсырмасы аясында жақын арада реанимациялық төсек-орын қорын екі есеге арттырамыз.
⠀
Айта кетейін, науқастарды емдеудің тиімділігін арттыру үшін өңірге "Фавипиравир" препараты сатып алынды. Ол хаттама бойынша рұқсат етілген және сырқаттанған азаматтардың келісімімен ғана тағайындалады.
⠀
Сондай-ақ, біз Коронавирус инфекциясы ошақтарын оқшаулау орталығын іске қостық, ол жедел түрде шұғыл шаралар қабылдауға, жұқтырған және байланыста болған адамдар бойынша маңызды ақпарат алуға мүмкіндік береді».
⠀
Қасым-Жомарт Кемелұлы тағы бір мәрте баршамызды қатаң тәртіпті сақтауға, ұйымшылдық танытуға және уақытша шектеу шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.