
Ұлан ауданында экономиканы әртараптандыру аясында өнеркәсіп саласын дамытуға басымдық берілуде.
– Ауданның өнеркәсіп саласындағы негізгі үлес өңдеу бағытына тиесілі — 87 пайыз. Қазір жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Жобаның құны — 8,8 миллиард теңге. Құрылыс осы жылдың төртінші тоқсанында аяқталады, – деді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Рустам Садуакасов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, алдағы уақытта, яғни 2028-2030 жылдар аралығында тағы екі өнеркәсіптік жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Біріншісі - литий оксиді концентратын өндіру үшін пегматит кендерін өңдейтін заманауи кәсіпорын салу. Жобаның құны - 90 миллион теңге.
Екіншісі — германиялық Bergbau компаниясымен бірлесіп, литий өндіру және өңдеу бойынша тау-кен байыту комбинатын салу. Жобаның құны - 235 миллиард теңге.