
Жазғы демалыс қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Абайлаңыз – балалар!» республикалық алдын алу шарасы өтіп жатыр. Оның басты мақсаты – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
-Аталған кезеңде Әкімшілік полиция басқармасы білім беру ұйымдарының маңындағы жол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстарды бастады. Қалалар мен елдімекендердің көше-жол желісіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жолға тікелей шығатын мектептердің маңына 2 000 шаршы метрден астам көлденең жол таңбаларын салу жұмыстары басталды. Сонымен қатар білім беру нысандарының жанындағы жасанды жол кедергілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деді ШҚО Полиция департаментінде.
Аталған бағытта 55 жасанды жол кедергісін орнату жоспарланған.