
Күршім аудан бойынша дүкендерде, шаштараздарда, дәріханаларда, қоғамдық тамақтану орындарында күнделікті рейдтік тексерулер жүргізіледі. Түсіндіру іс-шаралары өткізілді, оның барысында ауданның жергілікті тұрғындарына қаулыда көрсетілген сақтық шаралары туралы арнайы шығарылған жадынамалар таратылды (жеке кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында қоғамдық орындар мен сауда объектілерінде бетперде режимін сақтау туралы санитарлық-түсіндіру жұмыстары).
Бүгінгі күнге 47 рейд жүргізіліп, 276 нысан қамтылды, 47 айыппұл салынды.