
Шағын және орта бизнес өкілдері шектеу режиміне қатысты түсініктеме алу үшін әкімдікте жиналды. Кәсіпкерлермен қала әкімі Ермак Сәлімов пен ШҚО ТКҚСҚБД басшысының м. а. Талғат Тұңғышбаев кездесті. Кездесуде кәсіпкерлер өздерінің ұсыныстарын айтты.
⠀
- Біз сауда объектілерінің қызметін, келушілер санын шектеуді болдырмауды және орындарды қысқартылған жұмыс тәртібіне көшірмеуді сұраймыз. Біздің ойымызша, жұмыс уақытын 17.00, 20.00 немесе 22.00-ге дейін қысқарту, керісінше, адамдардың бір уақытта бір жерге жиналуына жол ашады.
⠀
Сонымен қатар, кәсіпкерлер оларға демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрады.
⠀
Бизнес өкілдерінің өтініштерін тыңдай отырып, ШҚО ТКҚСҚБД басшысының м. а. Талғат Тұңғышбаев шектеулерді енгізуге қатысты шешім санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтауға байланысты қабылданғанын түсіндірді.
⠀
Кәсіпкерлердің өтініштері 7 қарашаға дейін қаралатын болады. Эпидахуал жақсарған жағдайда, шектеу шараларын жеңілдету жөнінде шешім қабылданады. Еске сала кетсек, бүгінгі күнде өңір короновирустық инфекцияның таралуы бойынша қызыл аймақта тұр.
⠀
Бұл ретте, облыста қабылданған шектеу шаралары шет мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл, онда екінші толқынның басталуына орай, қатаң шаралар қабылданып, кәсіпорындар жабылып, коменданттық сағаттар енгізілуде. ШҚО жеңілдетілген шектеу шараларын қабылдады.
⠀
Кәсіпкерлерге адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін барлық тиісті санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өз қызметтерін жалғастыруға рұқсат берілді. Карантин режимі мен талаптары бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.