Үржар ауданында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау және алдын-алу жұмыстарының атқарылу барысын қадағалау мақсатында күн сайын әртүрлі нысандарға рейдтер жүргізетін бақылау топтарының қызметі күшейтілді.

Ауданда барлығы 8 бақылау тобы құрылған. Аудан бойынша барлық басқару үлгісіндегі кәсіпорныдарда, шағын және орта бизнес нысандарында бетперде тағу режимі мен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүгізуде.
⠀
Бүгінде 42 рейд жүргізіліп 224 нысан қамтылды, 9 заң бұзу фактілері анықталды.